«Кіндік қаның тамған жеріңді ұмытпа, ішер суыңның қадірін біл» – бұл Yurta Boutique Hotel & Restaurant кешенінің басты ұстанымы
Тамыздың бірінші жұлдызында Алматыда есігін айқара ашқан Yurta Boutique Hotel & Restaurant – түркі әлемінен, оның төл мәдениетінен, дала үні мен көшпенділердің жүрек лүпілінен шабыт алған алғашқы бутик-қонақүй. Бұл бірегей жобаны Sun Group ресторанттар холдингінің жетекшісі Александр Орлов қолға алған.
Кешеннің 20 бөлмесі тек табиғи материалдармен – саз, ағаш, жүн, киізбен көркемделген, ішіне жұмсақ жарық түсіп, ауасына жусан мен қылқан иісі аңқып тұрады. Қабырғаларына суретші Азат Табиевтің туындылары ілініп, Әнел Ошан жасаған төл өрнектермен безендірілген.
Бас аспаз Александр Телеш көшпелі өркениеттің дәмдерін біртұтас гастрономиялық хикаятқа айналдырған. Yurta мейрамханасының ас мәзірі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Моңғолия аспаздығының үздік рецептілерін біріктіреді. Негізгі тағамдар қатарында үш түрлі малдың етінен әзірленген бешбармақ, тандырда піскен қой еті қосылған қуырдақ, құмырада пісіріліп тар-тар қосылған түйе еті, сондай-ақ балқаймақ қосылған салат пен көкөністен жасалған тосаптар бар.
Команданың бірыңғай киім үлгісін қазақстандық дизайнер Алмаз Керімбек әзірледі. Ол бұл киім үлгісін жасауда көшпенділер бейнесінен және ғасырлар бойы мата, білім мен дәстүр тасыған керуендер өткен Ұлы Жібек жолының бағыттарынан шабыт алған.
Жобаның ерекше мақтанышы – аймақтағы алғашқы Qymyz Bar. Бұл жай ғана сусын ұсынатын орын емес, қонақтарға қымыздың сан қырлы дәмін танытатын толыққанды гастрономиялық саяхат. Мұнда кәсіби қымыз сомельесі жұмыс істейді. Ол – қымыздың барлық қыр-сырын меңгерген маман. Сомелье қонақтарды Қазақстанның 11 өңірінен жиналған, жеңіл саумалдан бастап, уақытпен бапталған, ашытылуы ерекше сары қымызға дейінгі 20-дан астам түрімен таныстырады. Сонымен қатар, кешен ауласында қонақтарға арналған нағыз киіз үй тігілген.
«Мен Алматының қақ ортасында орналасқан Yurta бутик-қонақүйі мен мейрамханасын зор мақтанышпен таныстырамын», – дейді Александр Орлов. – «Бұл – аймақтағы толығымен дәстүрлі қазақ нақышында безендірілген алғашқы әрі жалғыз қонақүй. Біз әрбір мейманның Қазақстанның рухын терең сезініп, төл мәдениетіміздің атмосферасына еніп, ұлттық тағамдарымыздан дәм тататын бірегей кеңістік құруды мақсат еттік».
Yurta Boutique Hotel & Restaurant кешенінің мекенжайы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 106Г.










