Мұрағаттар, қалпына келтіру жұмыстары, жоғалған дыбыстар және Қазақстанның басты киностудиясы – «Қазақфильмнің» болашағы

YouTube-тағы жаңа шығарылымымызда біз сіздерге қазақ кинематографының жүрегі – Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильмге» саяхат жасаймыз. Саяхатты шуылдар студиясынан бастаймыз. Мұнда фоли-әртіс деп аталатын мамандар түсірілім алаңындағы дыбыстарды қайта жасайды. Одан әрі фонотекаға – бірегей дыбыс қорына бас сұғамыз. Бұл жерде студияның негізі қаланған сәттен бастап түрлі шуылдар, музыкалық үзінділер, тіпті қазіргі Қазақстанда кездеспейтін құстардың үні сақталған. Әрине, «Қазақфильмнің» алтын қорын да назардан тыс қалдырмаймыз. Бұл – 12 000-нан астам таспа орамы сақталған фильм мұрағаты. Олардың арасында қазақ киносының тұңғышы – «Амангелді» фильмі де бар.

Толық шығарылымды біздің YouTube-арнамыздан тамашалаңыздар.

Режиссер: Камила Абдыгаппарова
Операторлар: Павел Алгазин, Тимур Өмірәлиев