IMAGE Фотосуретші: Артем Чурсинов

Алматы мен Астанадағы 60-шы Венециялық биенналеге орай ұйымдастырылған көрмелер туралы әңгімелейміз

2024 жылы 60-шы Венециялық биенналеде Қазақстанның Jeruiyq атты алғашқы ұлттық павильоны ашылды. Осыған орай Қазақстанда арт-резиденция өтті. Оған қатысушылар өз еңбектерін Астанадағы ҚР Ұлттық музейіне ілді. Технология мен эксперименталды көркемөнер тәжірибелерін ұштастырған POST‑FUTURE / ASTANA – VENICE / GEN 1 көрмесі 2025 жылдың 11 маусымына дейін жалғасады. Тақырып көші-қонға, биоалуантүрлілікке, деколониал көзқарасқа және Қазақстан көркемөнеріндегі маңызды эпизодтардың хронологиясына жасалған рефлексияға нұсқайды. Италия мәдениет институты көрмені екі қалада өткізуге алты миллион теңге бөлген екен. Конкурс екі аптаға созылды. Астанадағы көрмеге Мансұр Смағамбетов, Ардақ Мұқанова және Алена Қайдағалиева қатысады. Ал Алматыдағы Сырлыбек Бектобаев ұсынған көп бағытты жобаға негізделген көрменің қашан басталатыны әлі белгісіз.

Қашан: сейсенбі–жексенбі, 10:00–18:00

Қайда: ҚР Ұлттық музейі, Тәуелсіздік д-лы, 54

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 7 Фотосуретші: Артем Чурсинов
Фото 2 из 7
Фото 3 из 7
Фото 4 из 7
Фото 5 из 7
Фото 6 из 7
Фото 7 из 7