Билік пен махаббат туралы «Жеті ай» хикаясын Алматы мен Астана сахналарынан тамашалауға болады
Қазақстандық Stages продюсерлік командасы мен театр платформасы Өзбекстанның «Ильхом» театрының «Жеті ай» (Семь лун) саундрамасының Қазақстандағы көрсетілімдерін ұйымдастыруда. Бесінші желтоқсанда спектакль алғаш рет Астанадағы Ә. Мәмбетов атындағы драма және комедия театрының сахнасында көрсетіледі. Жетінші желтоқсанда қойылымды Алматы жұртшылығы Almaty Theatre-да тамашалай алады. «Жеті ай» – режиссер Владимир Панковтың жұмысы, ол 15 жылдығын атап өтіп, «Ильхомның» төл туындысына айналған.
Бұл саундрама – Науаи шығармасының желісімен жазылған билік пен махаббат туралы қарапайым, бірақ терең хикая. Баһрам шаһтың қолында бәрі болды, бірақ тәкаппарлық пен соқыр құмарлықтың кесірінен одан да көп нәрсесін жоғалтты. Басты рөлді «Ильхомның» көркемдік жетекшісі Борис Гафуров сомдайды.
Саундраманың ерекшелігі – жанды дыбыс пен өнер синтезі. Сахнада най, саксофон, контрабас, ұрмалы аспаптар мен вокал үні естіледі. Шығыс әуендері заманауи ырғақтармен тоғысып, оқиғаны алға жетелейді. Музыкалық жетекшілері – Сергей Родюков пен Артем Ким, пластикасы – Сергей Землянский.



