IMAGE Jean-Michel Basquiat (1960- 1988) Sabado por la Noche (Saturday Night) | Christie’s

Жан-Мишель Баскияның көздің жауын алар ашық қызғылт және қошқыл қызыл түстерге боялған «Sabado por la Noche» картинасы шамамен $13–16 млн сатылуы мүмкін деген болжам бар

Қара Пикассо аталған Баския «Sabado por la Noche» (Сенбі түні) картинасын Энди Уорхолмен бірге жұмыс істеген кезде салған. 1983 жылы 23 жастағы Баския Энди Уорхолдың лофтына көшкенде, көп ұзамай екеуі жібек баспа мен бояу техникасын қолдана отырып, алғашқы бірлескен туындысын дайындады. Екеуінің тығыз ынтымақтастығының нәтижесінде 150-ден астам картина дүниеге келген. 

1984 жыл Баскияның жаһандық танымалдыққа көтерілуін айшықтады: оның алғашқы жеке музейлік көрмесі Эдинбургтегі Fruitmarket Gallery-де ашылып, кейін Лондондағы Institute of Contemporary Art-қа көшірілді. Sabado por la Noche туындысы – сол кезеңнің жарқын мысалы: магента, сары және зүбаржат жасыл түстерінің жарқын өрісінде мәтін, иконалар мен адам бейнелері үйлесім тапқан.

Tatler Asia
IMAGE Jean-Michel Basquiat (1960-1988) Sabado por la Noche (Saturday Night) | Christie’s

Картинаның жоғарғы бөлігінде екі «грио» фигурасы орналасқан, ал кенеп бетіне жануарлар бейнесі, жалаңаш әйелдердің мүсіні, спиральдар, қос тұйық, күн жүйесіне сілтемелер мен Фибоначчи алтын қимасы шимай-шимай күйінде салынған. Бұл бейнелердің мәні тереңде жатыр: Батыс Африкада «грио» – ауызша дәстүрде маңызды рөл атқаратын шежіреші не ақын. Оның «грио» кейіпкерлерінің ақ және жасыл электро түспен қара фонда сызылған ерекшеліктері Роберт Фаррис Томпсонның Flash of the Spirit: African & Afro-American Art & Philosophy (1983) кітабындағы идолдарға ұқсас. Олардың көпшілігінің көзі осы картинадағыдай сопақ етіп бейнеленген. Туындының төменгі сол жақ бұрышында жасырынып тұрған қызғылт түсті үшінші, бетперде тәріздес бас бейнеленген. Оның қиял-ойынан қызыл, жасыл және алтын түсті Пан-Африка туының аурасында әйел бейнелерінің шеруі пайда болады. Бұл бөлшектер Баскияның африкалық руханият пен тарихқа деген қызығушылығын көрсеткен. 

Айта кетелік, 2017 жылы азиялық коллекционер, миллиардер Юсаку Маэдзава Баскияның 1982 жылғы Untitled туындысын $110,5 миллионға сатып алып, рекорд орнатқан. 

Наурыздағы сатылымның басқа да басты лоттарының қатарында Пьер-Огюст Ренуардың 1892 жылғы La Promenade au bord de la mer (Le Bois de la Chaise Noirmoutier) картинасы бар, оның болжамды құны – $2,3–3,6 млн. Сондай-ақ Рене Магриттің 1962 жылғы La Clairvoyance туындысы да шамамен $1,93–3,2 миллионға сатылмақ.