IMAGE BBC MAESTRO

Детектив прозасының классигі ЖИ арқылы «тіріліп», BBC Maestro онлайн платформасында жазушы курсын оқитын болады

Актриса Вивьен Кин жобаға Агата Кристидің бет-әлпетін жасау үшін қосылады. Жазушыға толығымен ұқсау үшін ЖИ қолданылып, даусын шығаруға бұрынғы жазылған аудио жазбалар алынады. 

Агата Кристидің мәтін жазу философиясын түсіну үшін сарапшылар оның мұрағатталған сұхбаттарын, кітаптарындағы оқиға желісін, кейіпкерлерін, саспенс өнерін зерттеп, Вивьен Киннің әр айтқан сөзі Агата Кристидің өзіне тиесілі болатындай етіп шығарады.

Курс әрқайсысы 20 минуттан аспайтын 11 бейнероликтен тұрады. Құны 79 фунт стерлингті құрайды.

Жазушының шөбересі, Джеймс Причард, Agatha Christie Limited компаниясының төрағасы және бас директоры: «BBC Maestro жинаған ғалымдар мен зерттеушілер тобы Кристидің бірқатар шығармаларынан оның көзқарастары мен жазу өнері туралы пікірлерінің ерекше жиынтығын шығарды», – деді.

«Агата Кристидің көптен бері жанкүйері ретінде мен үшін бұл курсты шығару арманымның орындалуы болды және мен бұл жоба туралы мақтан тұта айта аламын», – деді Майкл Левин, BBC Maestro бас директоры.