IMAGE «Анора» фильмінен алынған кадр | imdb

Шон Бэйкердің былтыр Каннда «Алтын пальма бұтағына» ие болған «Анорасы» әлі де шу шығарып келеді. Ол шу Tatler редакциясына да жетті. Максим Семеляк фильмнің фокусы (және қорқынышты тұсы) неде екенін түсіндіруге тырысты.

Заманауи адамның зейіні тұрақсыз екенін ескерсек, «Анора» фильмі жөніндегі пікірталас феномен болып көрінеді. Картина канндық «Пальма бұтағын» былтыр мамырда алды, алайда әлеуметтік желіде біреумен ұрысқыңыз келіп кетсе, «Анора» сөзін жазсаңыз жетіп жатыр. Қазір фильмнің айналасындағы жайттардан гөрі оның социологиялық аспектілері қызу талқыланатын болған. Мысалы, көкбет, бірақ сезімтал стриптизші қыздың Америкаға қоныс аударып, орыс олигархының есуас ұлына тиюі туралы хикая ағылшын тілді аудиториялардың бәріне жаққанымен, орыс тілді қоғамдастықтарға неге ұнамайды?

Шон Бэйкер түсірген фильмнің жанкүйерлері мен хейтерлерін талқыға салғаннан пайда жоқ, өйткені олар өздерінің жеке эмоциялық өрістерінде тіршілік етеді. Жанкүйерлер көбірек сияқты, алайда хейтерлер, яғни біз де аз емеспіз. Жанкүйерлер «Анорадан» Nights of Cabiria фильміне, Достоевскийге (иә, Юра Борисов – жаңа князь Мышкин), тіпті Карл Марксқа сілтейтін гуманистік пікірді байқайды. Хейтерлер «Анораны» XXI ғасырдың ең нашар фильмі, ұсқынсыздық түйіні санайды. Осы орайда аса қадірлі Вероника Аркадьевна Долина басқалардан гөрі көрнекірек пікір айтты. Оның сыншы ұлы картинаны ұстамды түрде сынады, алайда аса құрметті лирикалық ән жазушы «Анораны» ағартушылық дәуірінің соңы, адам баласына деген сенімнің өлімі, Күлбике туралы ертегіге көрсетілген қорлық және Ресейден шыққан (оның ойынша) айуандық монументі деп атады. Бұл жерде фильмнің Америкада түсірілгенін айта кеткен жөн. Өзімді «Анораның» жанкүйері демеймін, рас, алайда кино тарихында дәл осындай реакция тудырған фильм болды деп те айта алмаймын.

Tatler Asia
IMAGE «Анора» фильмінен алынған кадр | imdb

Осыған байланысты үшінші әрі ең ауқымды көрермен категориясы туралы ойды өрбіткім келеді. Бұлар – «Анораның» жарқындығы мен сергектігін мойындайтын, алайда тартымды да қарапайым картинаның «Пальма бұтағына» қалайша ие болғанын түсінуден бас тартатын жандар. Вероника Аркадьевна айтпақшы, Каннға жаның ашиды.

Фильм кино тілінде бір сұмдық жаңашыл туынды деуге келмейді. Орыс арағы мен армян радиосы тақырыптарындағы гэгтер өткен ғасырдан келгендей, секс қызметкерлері туралы фильмдер мен сериалдар да жетіп артылады. Мысалы, Содербергтің The Girlfriend Experience-і мен Оганесянның «Чикилері» бар. Режиссер Шон Бэйкердің өзі де бір ерекше дүние жасаймын деп ойламаған секілді. Брайтон-Бич, секс-клубтар, ұстамды бандитизм – «жігерлене мал болу» эстетикасы режиссердің жанына жақын екені мәлім, мұның бәрін үлкен экранға қалай шығару керек екенін біледі. Қалай болғанда да, «Анора» режиссердің үздік Tangerine (2015) фильмінен алынған фразадан шыққан көрінеді: «Ақшаны әкел, тезірек ағыз».

Tatler Asia
IMAGE «Анора» фильмінен алынған кадр | imdb

«Анораға» сыйлықтан бастап хейтке дейінгі дүниелер қайдан келгені жөніндегі сұрақтың екі жауабы бар көрінеді. Біріншіден, қазылар алқасының төрайымы Грета Гервиг болды. Тәуелсіз кино әлемінен келген режиссердің өзі түсірген «Барби» фильмінің табысынан кейін жанына жақын туындыға дауыс беруі – орынды жайт.

Екінші әрі басты себепке келер болсақ, «Анора» фильм ретінде емес, жаппай межелеу және бөлінудің нышаны ретінде маңызды.

Tatler Asia
IMAGE «Анора» фильмінен алынған кадр | imdb

Әлемнің быт-шыты шығып жатыр. Трамп билікке келгелі ескілік пен жаңашылдық арасында қызу талас басталды. Ыдырау кезеңінде прогрессив және дәстүрлі ұстанымдарды бір-бірінен айыру мүмкін емес болып кетеді. Трансгендерлердің өздері күтпеген жерден Гитлерге тілектестік білдіре бастады (тағы бір атышулы «Эмилия Перес» фильмінің жұлдызына нұсқап тұрмыз). Мораль компасының бұзылған тілі барлық бағытты көрсетіп кетті. Айналамызда болып жатқан жайттың бәрі ешкімді де бей-жай қалтырмайтын болған, ал азғын тұлға бейнесіндегі «Анора» бүгінгі күннің айқын шоуы болып тұр. Ол – өтпелі кезең не, дәлірек айтқанда, ұятсыздық шегіне жеткен адамзаттың жаңа күйге өтуінің символы. Сондықтан біреулердің оны күн тәртібіне қарсы тұру, бойда бар жабайылыққа еркіндік беру жолы деп білуі, басқалардың толыққанды деградация деуі – таңғаларлық жайт емес. Ақын айтпақшы, «біз бәрін жығылу деп білеміз, күнді де, түнді де, түсті де». Осы орайда қарабайыр, бірақ жаңашыл «Анораның» Канн сыйлығына ие болуын уақытпен арадағы мәміле деп түсінген абзал. Заманымыздың басты сұрағы да осы емес пе: «Бұлай істеуге де болатын ба еді?»

Көріп отырғанымыздай, болатын сыңайлы. 

Темы