IMAGE LISA «Dream» әніне түсірілген бейнебаянда

Әнші LISA-ның жаңа туындысындағы айырылысу қайғысы мен қайта қауышу үміті

K-pop жұлдызы LISA-ның соңғы Alter Ego альбомына енген Dream әніне бейнебаян жарық көрді. Клиптің түсіріліміне жапон актері Кэнтаро Сакагути де қатысқан.

Dream бейнебаяны – жай ғана клип емес, тайландтық әншінің карьерасындағы кино өнеріне ең жақын туындысы деуге болады. Режиссер Оджун Квон драматургиясы терең ойластырылған, мұңға толы шағын фильм жасаған. Мұнда LISA-ға тән жарқын көріністер мен ырғақты билердің орнын салқын түстер палитрасы, салмақты баяндау мәнері және ішкі сырға толы атмосфера басқан. Бұл – жоғалған махаббат пен үзуге қиын байланыс туралы жүрек терберлік хикаят.

Темы