IMAGE «Жезтырнақ» фильмінің постері

«Жезтырнақ» халықаралық аренаны бағындыруды жалғастыруда

Қазақстандық Clover Street Production студиясының «Жезтырнақ» фильмі Канадада өткен The Bloody Horror International Film Festival халықаралық фестивалінің жеңімпазы атанды. Режиссер Анвар Матжановтың туындысы әлемнің түкпір-түкпірінен келген инди-авторлар мен кәсіби мамандардың жұмыстарын басып озып, Horror-Mystery Feature Film санатында бас жүлдені жеңіп алды.

«Жезтырнақ» – қазақ мифологиясына негізделген, комедия элементтері бар фолк-хоррор жанрындағы фильм. Картинаның желісі Мирас есімді қарапайым алматылық жігіт төңірегінде өрбиді. Оған ауқатты отбасынан шыққан сұлу Айна ғашық болады. Алайда бұл махаббаттың астары бар: Айна Мирастан да, оның ата-анасынан да қорқынышты құпия жасырып жүр. Ол – әдемі жас қыз кейпіндегі айлакер де қауіпті жезтырнақ.