Пэрис Хилтон жайлы жаңа деректі фильмнен не күтеміз?
Пэрис Хилтонға тиесілі 11:11 Media компаниясы әнші жайлы деректі фильм түсіріп жатыр. Жаңа туындыны көп ұзамай барша әлем көрермендері тамашалай алады. Infinite Icon фильмін прокатқа CJ 4DPlex продюсерлік орталығы шығарады. Бұл – 2000-шы жылдардың кумиріне айналған тұлға туралы екінші деректі фильм. Оның 2020 жылы YouTube-те жарияланған «This is Paris» атты алғашқы туындысын 80 миллионнан астам адам тамашалаған.
Infinite Icon фильмі әнші өміріндегі музыканың орны мен оның екінші альбомының жазылу тарихын баяндайды. Концерттік форматтағы бұл фильм бес бөлімнен тұрады. Онда әншінің жанды дауыста өнер көрсеткен сәттері, жеке бейнемұрағаты, кадр сыртындағы көріністер, сондай-ақ архив материалдары мен сұхбаттар топтастырылған. Фильмде сондай-ақ Пэрис Хилтонның атақ-даңқ әкелген өмірдің сахна сыртындағы ішкі толғаныстары мен күйзелістері де көрсетіледі.