Грузиялық және австралиялық диджейлердің сеті, KANT ұсынған еркіндік кеші, спектакль-концерт және басқа да қызықтар.
Жаз жақындап келеді. Демек, алда бізді фестивальдер, пикниктер және таза ауадағы кештер маусымы күтіп тұр. Алайда көктем әлі орныға қойған жоқ, сондықтан да бар иелері мен мәдени іс-шара ұйымдастырушылары бізді индор-ивенттермен қуанта бермек. Сәуір айында Алматы мен Астанада шетелдік диджейлердің кештері, Шыңғыс Қапиннің спектаклі және шабыттандыратын көрмелер сынды барып көруге тұрарлық дүние көп бомақ.
Purple Bar-дағы грузиялық диджейлер кеші
4 сәуір
4 сәуірде Алматыдағы Purple Bar-да Грузиядан келген диджейлер Levi Love Disco (Леви Беришвили) және Tobako Tween-нің (Эрекле Табукашвили) қатысуымен кеш өтеді. Жігіттер винил пластинкаларын жинаумен айналысып, оларды сеттері барысында ойнатуымен танымал. Репертуарлары 1990-шы жылдардағы диско және хаус бағыттарындағы тректерді қамтиды. Сонымен қатар сахнаға жергілікті өнерпаздар DJ AKEE мен Ungaro шығады.
KANT кеші
4 сәуір
KANT – әр адамның жеке болмысын, еркіндікті және қолдауды дәріптейтін кештер сериясы. Диджей Nazira мен блогер ZEÉ-дің Нью-Йорк клуб мәдениетінен, жергілікті сахна энергиясынан және поп-мәдениеттен шабыт ала отырып құрған жобасы. 4 сәуір күні Алматыдағы «Кооператив «Любовь» алаңында кезекті KANT кеші өтеді. Сахнада Армениядан арнайы шақырылған диджей – haramik, сондай-ақ Nazira, Aijan Asemova, ZEÉ, Kreshmusiq, Akkujava, E.T. және Ladan өнер көрсетеді.