IMAGE Wally Skalij/Los Angeles Times via Getty Images

Наурыздың 19-ы Йе X әлеуметтік желісінде Bully атты жаңа альбомын жариялады

Канье Уэсттен күнде бір жаңалық күтетін болдық. Наурыздың 19-ы ұрысқақ рэпер X әлеуметтік желісінде өзінің жаңа Bully альбомының шыққанын хабарлады. Канье жай ғана альбом шығаруды тым қарапайым деп санаған болар, сондықтан Bully-ді 30–45 минуттық қысқаметражды фильм ретінде ұсынды. Әрине, тосынсыйларсыз өтпеді: альбомның бірден үш нұсқасы бар, олардың атаулары да ерекше — Screening Version, Post Hype және Post Post Hype.

Фильмде Каньенің ұлы Сейнт Уэст күрес алаңында қолдан жасалған балғасын сермеп, кәсіпқой күрескерлерді жапыра құлатып жатқанын көруге болады. Кішкене уақыттан кейін болашақта Сейнтті Marvel-дің жаңа батыры ретінде көріп қалуымыз да мүмкін. 

Тентектіксіз Канье — Канье болмас: X-те жариялаған видеоларды көру үшін мына құпиясөздерді енгізу керек:

Screening Version
http://BULLY_VFX_12.11.24.mov
https://f.io/C6YubyIQ
Құпиясөз: 111124

Post Hype
https://f.io/vgyYAfZ4
Құпиясөз: YEBULLY2025

Post Post Hype
https://f.io/0cuSI_Lx
Құпиясөз: BULLY24

Ал ең қызығы, MADNOMAD ұжымының пост-продюсері Ануар Базаргелді  бір кадрда түсірілген 50 минуттық роликтің клин-ап, ротоскоп және колоргрейдинг жұмыстарымен айналысқанын айтты. «Жұмыс өте көп болды, бізде небәрі бір апта ғана уақыт бар еді», — дейді ол. Негізгі жұмысты Санай Өмірзақов (оның сілтемесі ақыры Twitter-ге шыққан), Алан Әмірқұлов, Арсений Абдрахманов, Константин Сыромятников деген қазақстандық жігіттер атқарған.

Роликті клипмейкер Хайп Уильямс өңдеген. «Оның Хайп Уильямс екенін біз онымен қоңырауда сөйлесіп отырған сәтте ғана түсіндік, — деп еске алады Ануар, — шынымды айтсам, Хайп Уильямстен көбірек әсер алдым, өйткені ол —  шынымен керемет маман. Канье Уэстпен жұмыс істеудің қиындықтары жайлы бұрыннан естігенбіз, бірақ онымен тікелей тек продюсерлер байланыста болды».

Tatler Asia
IMAGE X @kanyewest