IMAGE Getty Images

Актердің сүйіп оқитын кітаптарының қатарында Достоевский, Бронте секілді классиктер бар

Түсірілім, сұхбат және биік етікпен суретке түсуден қолы бір босамайтын Педро Паскаль бос уақытында қандай кітап оқиды деп ойлайсыз? TikTok-блогер vaneschko_books та осы сұрақтың жауабын білгісі келіп, оны актердің өзіне тікелей қойған екен.

Әңгімесін актер орыс классикасынан бастады: алдымен Федор Достоевскийдің «Қылмыс пен жазасын», одан кейін Михаил Булгаковтың «Мастер мен Маргаритасын» атады. Көпшілік үшін күтпеген жерден, тізімде «әйелдер романы» саналатын Шарлотта Бронтенің «Джейн Эйр» туындысы да пайда болды. Сұхбат соңына қарай Педро сиқырлы реализм бағытындағы Габриэль Гарсиа Маркестің «Жүз жылдық жалғыздығын» да атап өтті. Әрине, америкалық классика да ұмыт қалмады – Джон Стейнбектің «Жұмақтан шығысқа қарай» романы да оның сүйікті кітаптарының қатарында екен. Сұхбаттың ең соңында Педро өзінің интеллектуал екенін еске түсіргендей, бұл тізімге Томас Манның «Сиқырлы тау» атты философиялық романын да қосып қойды.

@vaneschko_books Be right back abandoning my whole tbr to read those books (already read some of them, but a loooong time ago) #fyp #book #booktoker #reading #booktok #vaneschkobooks ♬ өсу - Геде Юдис