KANT кешінің қарсаңында Nazira мен ZEÉ коферейвтер, электрлі самокаттар, Канье Уэст және басқа да поп-мәдениет құбылыстары туралы не ойлайтынын білдік.

KANT – адамның өз болмысын көрсету, еркіндік және қолдау ұғымдарына негізделген кештер сериясы. Жобаның негізін қаларда диджей Nazira мен блогер ZEÉ Нью-Йорктегі клуб мәдениетінен, жергілікті сахнаға тән энергиядан, сондай-ақ поп-мәдениеттен біршама шабыт алған екен. Сәуірдің төрті күні Алматыдағы «Кооператив «Любовь» кеңістігінде кезекті KANT кеші өтеді. Кеш қонағы — Ереваннан келетін диджей haramik. Сонымен қатар сахнаға Nazira, Aijan Asemova, ZEÉ, Kreshmusiq, Akkujava, E.T. және Ladan шығады.

Кеш қарсаңында Nazira мен ZEÉ-ді «Плюс вайб па, минус вайб па?» айдарына шақырдық. Қонақтарымыз коферейвтер, офистік жұмыс, рейвке көзілдірік тағып бару тренді, биік өкшелі аяқ киім, электрлі самокаттар, атышулы Канье Уэст және кештің ертесінде жаттығу жасау үрдісі туралы ой бөлісті.