Loungefly лайфстайл-бренді мен KFC жедел тамақтану желісі ынтымақтасып, арнайы аксессуарлар жинағын таныстырды
KFC-дің көпке танымал қуырылған тауық аяқтарынан шабыт алған топтама 25 сәуірден бастап Loungefly.com сайтында онлайн сатылымға шығады.
Funko компаниясының өнім стратегиясы және жоспарлау жөніндегі аға вице-президенті Дуг Оглесбидің айтуынша, Loungefly жанкүйерлерді қуанту мақсатында басқа брендтермен әрдайым жаңа әрі қызықты серіктестіктер іздеп отырады: «KFC-мен бұл жолғы ынтымақтастығымыз – біздің лицензиялау саласындағы кәсіби тәжірибемізді пайдалана отырып, креативті аксессуарлар жасаудың көрнекті мысалы. Бұл жинақ екі бренд жанкүйерлерінің сүйікті идеяларын біріктіріп, олардың шынайылығын да, көңілділігін де толықтай көрсетеді».
Топтамаға мыналар кірді: жұмсақ материалдан тігілген KFC-дің тауық аяғы пішінді иыққа асылатын сөмкесі, перламутрмен әшекейленген KFC мини-рюкзагы және Полковник Сандерс бейнеленген әмиян.