Eurovision 2025 ән байқауының алғашқы финалистері белгілі болды. Финалға Эстония атынан қатысқан Томми Кэш (Tommy Cash) пен украиналық Ziferblat тобы өтті
Сондай-ақ финалға Норвегия, Албания, Швеция, Исландия, Нидерланд, Польша, Сан-Марино және Португалия жолдама алды. Ал Әзербайжан, Бельгия, Кипр, Словения және Хорватия байқаудан шығып қалды.
Швейцарияның Базель қаласындағы St. Jakobshalle аренасында 15 мамыр күні байқаудың екінші жартылай финалы өтеді. Осы кезеңде финалға өтетін тағы он қатысушы анықталады. Тағы 16 ел гранд-финалға жолдама алу үшін бақ сынайды. Финал сенбі, 17 мамыр күні өтеді.
«Бұл жартылай финалда эмоция жағынан да, техникалық жағынан да бар күшімізді салдық. Өзім ризамын. Эмоциялар бар, бірақ оларды әрдайым сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бәрі жақсы, енді алда келесі қадам», – деді алғашқы жартылай финалдан кейін Ziferblat тобының солисі Даниил Лещинский.
Eurovision 2025 байқауының екінші жартылай финалындағы қатысушылардың сахнаға шығу реті:
1. Аустралия: Go-Jo - Milkshake Man
2. Черногория: Nina Žižić – Dobrodošl
3. Ирландия: Emmy - Laika Party
4. Латвия: Tautumeitas – Bur man laimi
5. Армения: Parg - SURVIVOR
6. Аустрия: JJ - Wasted Love
7. Грекия: Клавдия - Asteromata
8. Литва: Katarsis - Tavo akys
9. Мальта: Мириана Конте - SERVING
10. Гүржістан: Мариам Шенгелия - Freedom
11. Дания: Сиссал - Hallucination
12. Чехия: ADONXS - Kiss Kiss Goodbye
13. Люксембург: Лора Торн - La poupée monte le son
14. Израиль: Юваль Рафаэль - New Day Will Rise
15. Сербия: Принц - Mila
16. Финляндия: Эрика Викман - ICH KOMME