Керри Вашингтон мен Натали Чейдс «Отчаянные домохозяйки» сериалының жалғасын ұсынды
Сериалдың жалғасы «Вистерия Лейн» деп аталатын болады. Сериалдың продюсерлері – актриса Керри Вашингтон мен Натали Чейдс. Чейдс сонымен қатар сериал сценарийінің авторы болады. Шоуды Onyx Collective компаниясы түсіреді.
«Вистерия Лейн» көңілді, сексуалды, dark comedy/детектив ретінде «Отчаянные домохозяйки» сериалының атмосферасына ұқсас сериал болады. Сериал «Вистерия Лейн» көшесінде тұратын бес достың өмірі туралы. Кейде олар хас жауға айналады. Бір жағынан қарағанда, көше тұрғындары өздері армандағандай өмір сүреді: әдемі үй, керемет отбасы, кіреберісте жарқыраған судай жаңа көлік те бар. Бірақ ақ қорғандар мен Instagram-дағы суреттердің ар жағында үлкен құпия жатыр.
«Отчаянные домохозяйки» сериалының авторы және атқарушы продюсері Марк Черри түсірілімге қатыспаған, бірақ жобадан хабардар және алдағы уақытта қатысуы мүмкін. Түпнұсқа сериалдың кейіпкерлері «Вистерия Лейн» сериалында өз рөлдеріне оралады деген жоспар жоқ.