IMAGE imdb.com

Сандра Буллок пен Николь Кидман ойнаған Practical Magic 2 фильмінің премьерасы 2026 жылдың күзіне жоспарланып отыр

Practical Magic (1998) фантастикалық комедиясының жалғасы 2026 жылы 18 қыркүйекте шығады. Элис Хоффман романының желісімен түсірілген бірінші фильм Салли (Буллок) мен Джиллианның (Кидман) өмірі туралы. Апалы-сіңлілі өздерінің сүйген жігіттерін өлтіретін қарғысқа қарсы күреседі. Екінші фильмнің сюжеті Хоффманның Practical Magic кітап сериясының кейінгі бөлімдеріне негізделеді. 

Warner Bros. компаниясы Буллок пен Кидманның «қасқырдың тісі, таңертеңгі шық…» деп басталатын сиқырды оқып тұрған қысқа мәтіндік тизер шығарды.

Бірінші фильмнің соавторы болған Акива Голдсманның сценарийі бойынша режиссер Сюзанна Бир екіншісін түсіреді. Буллок пен Кидман алғашқы фильмнің продюсері Дениз Ди Новимен бірге продюсер қызметін атқаратын болады.