Мадонна Netflix платформасына арналған өзінің өмірі туралы шағын сериал түсіруге дайындалып жатыр
Мадоннаның өмірі мен шығармашылығына арналған шағын сериал Netflix-те бастапқы даму кезеңінде тұр. Атқарушы продюсерлер – Мадонна мен Netflix-пен эксклюзив келісімі бар 21 Laps компаниясының иесі Шон Леви («Stranger Things», «Deadpool & Wolverine»).
Бұл жобаны бұрыннан бері талқылап жүрген дуэт жұмысты нөлден бастамақ. Биографиялық мини-сериалдың Universal студиясында дайындалған Мадонна туралы толықметражды фильмге қатысы жоқ. Мадоннаның рөлін сомдау үшін Джулия Гарнер таңдалған болатын.
«Мен суретші, музыкант, биші ретіндегі ғажап сапарымды – осы әлемде өз орнымды табуға тырысқан жолымды көрсетуге ниеттімін», – деген еді Мадонна 2020 жылы Universal жобасын алғаш жариялаған кезде.
Мадонна сериалдың сценарийін жазуға қатыса ма, жоқ па әзірге белгісіз. Бұған дейін ол жоғарыда аталған толықметражды фильмнің сценарийін бірге жазған болатын.