Меган мен Гарридің Netflix-тегі жұмысы туралы баяндаймыз
Келісімшартты ұзарту аясында Меган мен Гарри Угандадағы балалар үйі туралы деректі фильм түсіруді бастайды. Ерлі-зайыпты фильмдер мен сериалдар өндірісіне 2020 жылы, корольдік өкілеттіктерінен бас тартқаннан кейін бірден кіріскен болатын. Олар «маңызды тақырыптарды қозғап, адамдарды әрекетке итермелейтін» контент жасауды мақсат еткен. Осы келісімшарт аясында Меган Маркл «Сүйіспеншілікпен, Меган» атты шоу түсіріп, As Ever атты үйге арналған тауарлар желісін құрып үлгерді. Сыншылардың сынына ұшырап, рейтингі төмен болғанына қарамастан, 2025 жылдың күзінде бағдарламаның екінші маусымының шығуы күтілуде. Король отбасы өкілдерінің басқа да сәтсіз жұмыстарының қатарында «Гарри және Меган», «Туабітті көшбасшылар» (Live to Lead), «Жеңілмегеннің жүрегі» (Heart of Invictus) және Polo деректі сериалдары бар.