«Пряники для ее отца, моего прадеда, ее деда» картинасының көрсетілімі, кино индустриясы мамандарымен кездесу және ORAI фестивалінде болатын басқа да қызықтар
29 мамыр күні Қарағанды облысы Абай қаласында отбасылық ORAI кинофестивалі өтпек. Бағдарламада – анимациялық және деректі кинолардың көрсетілімдері, ата-аналар мен педагогтерге арналған практикалық уоркшоптар, жасөспірімдерге кәсіптік бағдар беру жөніндегі мастер-кластар, мәдени кездесулер және тағы да басқа шаралар. Іс-шара Қаныш Сәтбаев атындағы қосымша білім беру мектеп-орталығы мен «Жігер» стадионында өтпек. «Пряники для ее отца, моего прадеда, ее деда» картинасын кешке ашық аспан астында көруге болады. Көрсетілімнен кейін фильмнің продюсері Еркежан Мақсұт көрермендердің сұрақтарына жауап береді. ORAI фестивалінің толық бағдарламасымен сілтеме арқылы танысуға болады.
