«Devil wears Prada» фильмінің жалғасының түсірілімі басталды
Энн Хэтэуэй «Devil wears Prada» фильмінің жалғасының түсірілім алаңында Энди Сакс рөлінде көрінді. Актрисаның образдарының ішінде Jean Paul Gaultier Femme-нің винтажды костюмін, Re/done x Ford комбинезонын, AGOLDE Della белдемшесін және Gabriela Hearst көйлегін байқауға болады. Актрисаның гардеробына Патрисия Филд жауапты.
Өз рөлдеріне Мэрил Стрип (Миранда Пристли), Эмили Блант (Эмили) және Стэнли Туччи (Найджел) оралатын болды. Дегенмен, актерлік құрам да толыға түскен: Миранданың күйеуінің рөлін әйгілі Кеннет Брана сомдамақ. Сиквелде Миранда Пристли дәстүрлі журнал индустриясының құлдырау дәуірінде өз мансабын жалғастырады.
Фильмнің премьерасы 2026 жылдың бірінші мамырына жоспарланған.



