IMAGE ETHNO POP-UP STORE

ETHNO POP-UP STORE фестиваліне келіп, этномузыка концерті, ауқымды жәрмеңке және қызықты шеберлік сабақтарына қатысып қайтыңыз.

ETHNO POP-UP STORE – 100-ден астам дизайнер мен қолөнер шеберлерінің басын қосқан Орталық Азиядағы жалғыз этно-маркет. Мұнда ұлттық нақыштағы тоқыма бұйымдары, киім-кешек, аксессуарлар, музыкалық аспаптар, ыдыс-аяқ, ұлттық тәтті-дәмділер және өзге де ерекше өнімдер ұсынылады. Жобаның басты мақсаты – қазақ мәдениетін, этнографиялық құндылықтарды, төл салт-дәстүрді кеңінен насихаттау және қазақстандық шеберлердің еңбегін көпшілік назарына ұсыну.

Екі күндік ETHNO POP-UP STORE бағдарламасында қыш құю және киіз басу бойынша шеберлік сабақтары, музыкалық қойылымдар болады. Сондай-ақ палау мен ұлттық тағамдардан дәм татуға болатын дастархан жайылады.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 4 ETHNO POP-UP STORE
Фото 2 из 4
Фото 3 из 4
Фото 4 из 4

ETHNO POP-UP STORE фестивалі осымен төртінші жыл қатарынан, яғни тұрақты түрде өткізіліп келеді. Биыл наурыздың 15-16 күндері Алматыдағы Sadu Arena спорт кешенінде өтеді. Шеберлік сабақтарына жазылу немесе этно-маркет туралы толығырақ ақпарат алу үшін ETHNO POP-UP STORE-дың ресми сайтына кіріңіз.