IMAGE Фотосуретші: Дмитрий Поваляев

«Күнбатыстағы рок-н-ролл» спектаклінің премьерасы қашан және қайда өтетінін баяндаймыз

Stages театры «Күнбатыстағы рок-н-ролл» атты алғашқы камералық қойылымын ұсынбақ. Премьера маусымның жетісі күні Лермонтов атындағы театрдың кіші сахнасында өтеді. Бұл – Никита Патуевтің Алматыдағы тәуелсіз театр аясындағы алғашқы режиссерлік жұмысы. Театр 2016 жылдан бері «Счастливые поют», «Состояние танго», «Золотой квадрат» және «Дирижер любви» сияқты жобаларды сахналаған.

«Күнбатыстағы рок-н-ролл» спектаклі Михаил Хейфецтің аттас пьесасы негізінде қойылған. Басты рөлдерді Еркен Губашев пен Елена Набокова сомдайды. Бұл – қарт жұптың өміріне музыка еніп келген таңғажайып оқиға. Зейнеткерлер мен рок-н-ролл тіркесі оксюморон сияқты естілсе де, дәл осы үйлесім көрерменге ұмытылмас сезім сыйлайды. Билеттерді сілтеме арқылы сатып алуға болады.