Жаңа видеода қазақтың дәстүрлі сырғаларының астарындағы құпия мағынасы, тарихы және көпшілік біле бермейтін қызықты деректер туралы баяндаймыз
Біздің YouTube-арнамызда қазақ сырғасының киелі мәніне арналған жаңа шығарылым жарық көрді. Біз сақ-скиф дәуірінен бастау алатын тарихқа терең бойлап, түрлі мәдениеттердің ықпалымен қазақ зергерлік өнерінің бірегей стилі қалай қалыптасқанын саралаймыз.
Видеодан сіздер сырғаның неліктен әйел ғұмырының бесіктен бейітке дейінгі ажырамас серігі болғанын, қандай пішіндер мен тастардың тұмар саналғанын, зергерлік өнерде тәңіршілдік, анимизм және табиғат бейнелерінің символикасы қалай астасқанын және осы әшекейге қатысты қандай таңғажайып наным-сенімдер бар екенін білесіздер. Толық нұсқасын YouTube-тан тамашалаңыздар.
Модель: Малика Бөкенова
Оператор: Павел Алгазин
Youtube редакторы және режиссері: Камила Әбдіғаппарова
Мәтінді оқыған: Алина Ишмухаметова
Продюсер: Әйгерім Таңатар
Стилист: Ажар Құдайбергенова
Визажист: Карина Бабеджанова, Екатерина Чистюнина