IMAGE «Қала дәмі» | Шымкенттің ең дәмді тағамдары

Бас аспаз Светлана Ханинаевамен бірге Шымкенттің дәмі тіл үйіретін тағамдарын татып қайттық

«Қала дәмі» жобасының бұл жолғы санында біз бас аспаз Светлана Ханинаевамен бірге Шымкентке сапар шектік. Еліміздегі көптеген жан осы шаһарды Қазақстанның «дәм астанасы» деп біледі.

Сапарымызды жергілікті дәм-тұз бен өнімдерді көру үшін Орталық жоғарғы базардан бастап, сол жердің атақты үгілмелі патырынан дәм таттық. Ыстық нанды бауырымызға басып, қаланың ең шырынды қазы самсасын жеуге «Кунжут» самсаханасына аттандық. Бұл жерде артық ештеңе жоқ: жол бойындағы үлкен тандыр және самсаның үш-ақ түрі – ет қосылған дәстүрлі түрі, картоппен және қазымен пісірілген түрлері. Одан әрі сапарымызды қаладағы ең бай шарап қоры жинақталған мейрамханада жалғастырып, онда жылқы етінен жасалған бастырма мен ерекше ферменттелген стейктің дәміне тәнті болдық. Әрине, аты аңызға айналған Шымкент кәуабының да дәмін көрдік. Осының барлығын «Қала дәмі» жобасының YouTube арнасындағы жаңа шығарылымынан тамашалай аласыздар.