IMAGE «Стихия»

Электрондық музыканың «Стихия» фестивалі Өзбекстанның кең даласына қайта оралмақ

2025 жылдың 29-31 мамыр аралығында өтетін музыка мен өнер әлемінің ерекше іс-шарасына Германияның авангардтық HÖR радио хабар тарату компаниясы демеушілік етеді. Сіздер олардың ванна бөлмесінен тікелей эфирде берген диджейлік жиындарын көрген боларсыздар. Үш күн бойы Мойнақ қаласының аспанында заманауи электрондық музыканың әуені естілетін болады. «Стихия» – шығармашылықтың, ұлттық колориттің және заманауи трендтердің үйлесімі.

Фестиваль ұйымдастырушылары әзірге Instagram парақшасы мен веб-сайтында тек өнер көрсететін артистердің тізімін жариялады. Десе де біз «Стихияның» бұрынғы жылдардағыдай жарқын әрі есте қаларлық оқиғаға айналатынына сенімдіміз. «Стихия» әрқашан көңілден кетпес әсерлер сыйлайды. Достарыңмен бас қосып, ерекше образдар жасап, жаздың келуін «Стихия» фестивалінде ерекше қарсы алыңдар!