Инновация тұрғысынан бұл ең озық тематикалық Disneyland саябағы болмақ

Жаңа әрі жетінші Disneyland Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде ашылмақ. Disney-дің Таяу Шығыс елдеріндегі алғашқы мәдени кешені жобасын жүзеге асыруға The Walt Disney Company корпорациясы мен Әбу-Дабидегі иммерсивті ойын-сауық саласының көшбасшысы Miral компаниясы жауапты. Тематикалық саябақ Яс аралының жағажайында салынады. Технология және интерактив тұрғысынан бұл ең озық Disneyland саябағы болмақ. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін қонақтар Disney-дің дәстүрлі мәдениеті мен Әбу-Дабиге тән инновацияларды ұштастыратын жаңа ойын-сауық форматын сынап көре алады. Жобаның қашан іске қосылатыны әзірге белгісіз.

Tatler Asia