Алматы қаласының маңында орналасқан алты демалыс орнына шолу жасадық
Staycation – ағылшынның stay (қалу) және vacation (демалыс) сөздерінен шыққан ұғым. Алысқа кетпей-ақ, өз қалаңыздың маңында демалып, табиғат аясында тынығып, күш жинау. Алматының айналасындағы ерекше қонақ үйлер шетелдік luxury-орындардан еш кем түспейді: адам аз, саф ауа, тау самалы, таңғы тұманға оранған ормандар, хайкингіге арналған керемет бағыттар және жылы, стильді бутик-қонақ үйлер. Төменде байқап көруге тұрарлық алты staycation орнын ұсынамыз.
Tenir Eco Hotel
Қайда: Іле Алатауы
Tenir Eco Hotel – әлемдегі ең биік орналасқан қонақ үйлердің бірі. Іле Алатауының құшағында, мұхит деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан.
Қыста Шымбұлақта шаңғы теуіп, Медеуде коньки тепкен соң, уақытыңызды қала кептелісіне зая етпей, тау самалында тыныстап, табиғатпен үндестікте түнеу – нағыз ләззат! Қонақ үй бөлмелерінің терезесінен Іле Алатауының көрінісі көзге шалынады. Ал әрбір нөмірде күні бойы серуендегеннен салқындаған денеңізді жылытуға арналған жеке фин саунасы бар.
Спорт не белсенді демалысты сүйетіндер үшін мұнда арнайы жабдық сақтау жүйелері қарастырылған. Сондықтан шаңғы мен сноуборд секілді керек-жарақтарды қайда сақтаймын деп алаңдаудың қажеті жоқ.
Бағасы: 130.000–210.000 теңге арасы.
Tabi Village
Егер сіз жай ғана демалыс емес, достармен бірге кең дастархан жайып немесе отбасыңызбен бірге табиғатта бас қосып, мәңгі есте қалар сауық-сайран ұйымдастыруды жоспарласаңыз, Tabi Village – таптырмас мекен. Талғар ауданындағы стильді тау үйлер кеңдігімен және жайлылығымен ерекшеленеді. Мұнда сегіз адам сыятын, сондай-ақ фин саунасы мен кең террасасы бар жылы үйлерде тоқтап, табиғат аясындағы тыныштықтан ләззат ала аласыз. Сонымен қатар мұнда кішігірім мереке, той өткізуге керемет мейрамхана да бар. Достарыңызбен бірге жиналып, барбекю алаңында дәмді кешкі ас әзірлеп, отбасылық мерекені жылы банкет залында атап өтсеңіз болады. Ал фин саунасы денені ғана емес, жанды да жылытады!
Бағасы: 120.000–140.000 теңге арасы.