«Көкжиекке саяхат» атты жаңа айдарымызда Ай және Қара шатқалдарын, Бестөбе су қоймасын және Қазақстанның тылсым табиғатын көрсетеміз
Бестөбе су қоймасының мөлдір суынан бастап, Қара және Ай шатқалдарының құз-қияларына дейін – Tatler Kazakhstan редакциясы Qazaq Adventure туристік агенттігімен бірлесіп, ерекше саяхатқа аттанды. Біз Орта Меркі шатқалына барып, Шет-Меркі өзенінің сылдырына құлақ түріп, жергілікті аң-құсты тамашалап, жұлдызды аспан астында тәтті ұйқыға баттық. Биіктігі 300 метрлік жартастың басынан ашылған тылсым көрініс кез келген пенденің жүрегіне өшпес із қалдыратыны сөзсіз. Қазақстанның бай табиғатымен танысып, Шарын шатқалының құпия мекендерін білгіңіз келсе, біздің YouTube-арнамыздағы «Көкжиекке саяхат» атты жаңа айдарымызды тамашалаңыздар.
Операторлар: Павел Алгазин, Тимур Өмірәлиев
Продюсер: Айгерім Таңатар
Youtube редакторы: Камила Әбдіғаппарова
CD: Сергей Юн
Келесі тұлғаларға зор ризашылығымызды білдіреміз:
Никита Олейник (Instagram: @bionikkz)
Qazaq Adventure (Instagram: @qazaqadventure)
Ахметов Дамир (Instagram: @damirsnow)