IMAGE Instagram @frenchie4oe

Жақсы көретін иесінің құшағында, үлде мен бүлдеге оранған тіршілік иелерінің өміріне кейде адамдар да қызыға қарайды. Солардың біразымен осы мақалада таныс боласыз.

Жұлдыздар үй жануарларымен түскен суреттерден-ақ кімнің өмірі шынымен ертегі екенін бірден байқауға болады. Бұл сүйкімділер ең сәнді кештерге барады, креативті ортаның таңдаулы өкілдерімен танысады және, ең бастысы, шынайы сүйіспеншілікке бөленеді. Кейде олар сәнді аксессуар секілді көрінуі мүмкін, алайда негізінен толыққанды отбасы мүшесі ретінде қабылданады. Мұндай өмірді армандамайтын адам жоқ сияқты: үнемі жарқылдаған камералар мен барша жұрттың назары өзіңе ғана ауып тұрғандай көрінеді. Бүгін біз медиа кеңістікте әлемге аты мәшһүр үй жануарлары туралы шолуымызды ұсынамыз.

Шупетт және Карл Лагерфельд

Шупетт – сән әлемінен тыс жүретіндерге де таныс есім. Бұл мысық бастапқыда модель Батист Джиабикониге тиесілі болған. Ол оны еркелетіп «choupette» («сүйкімді») деп атаған. Бірде Батист оны уақытша досы, атақты дизайнер Карл Лагерфельдке тапсырып кетеді. Лагерфельд мысыққа бірден бауыр басып, қайтарудан бас тартады. «Ол сабырлы, көңілді, талғампаз әрі сүйкімді. Ең тамаша қасиеті – үндемейтіні», – деген еді Карл.

Шупетт – тек сән нышаны ғана емес, толыққанды жұлдыз бола алған жануар. Ол күміс Goyard ыдысынан тамақ ішеді, жеке ұшақпен саяхаттайды, Louis Vuitton сөмкесінде тасымалданады. Ол сән брендтерінің кампанияларына түсіп, Gisele Bündchen, Laetitia Casta, Kendall Jenner сынды атақты модельдермен бір деңгейде сән журналдарының мұқабасынан көрінді.

Карл оның құрметіне ерекше көк реңкке Choupette Blue деген атау берді, ал Shu Uemura бренді тұтас косметика топтамасын арнады.

2023 жылы Met Gala-ның тақырыбы Карл Лагерфельдтің шығармашылығына арналды, ал қызыл кілемде Шупетттің өзі жүруі тиіс болатын. Алайда дизайнердің сүйіктісі бұл шараға қатыса алмады. Оның орнына Doja Cat пен Джаред Лето мысық бейнесіндегі образдарымен жұрттың есінде қалды.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @choupetteofficiel
Tatler Asia
IMAGE Instagram @karllagerfeld
Tatler Asia
IMAGE Instagram @karllagerfeld
Tatler Asia
IMAGE Instagram @hublot

Лагерфельд өмірден өткен соң, Шупетт оның көмекшісі Франсуаза Кашоттың қамқорлығында қалды. Қазір ол Франсуазаның қызы қоқыстан тауып алған кішкентай мысықпен бірге өмір сүреді. Бастапқыда иесі алаңдағанымен, Шупетт серігімен тез тіл табысып кеткен көрінеді. Бүгінде ол 14 жаста. Бұл – мысық жасы бойынша егде кезең. Бірақ Шупетт зейнетке шығуға асығар емес. 2025 жылдың мамырында ол Hublot Big Bang-тің 20 жылдығына арналған жарнама кампаниясының басты кейіпкеріне айналды. Дегенмен бұрынғыдай сән апталықтары мен ұшақтағы өмір артта қалды. Қазір ол балконда тыныш қана құстарды бақылағанды ұнатады.

Тейлор Свифттің еркелері: Мередит Грей, Оливия Бенсон және Бенджамин Баттон

Тейлор Свифт поп-индустрияның басты мысық ханымы болып саналады. Ол әрқашан өз «балалары» жайлы сүйіспеншілікке толы әңгіме өрбітіп, олармен бірге саяхаттайды, концерттерге алып барады. Мередит Грей, Оливия Бенсон және Бенджамин Баттон – барлығы Тейлор сүйетін фильмдер мен сериал кейіпкерлерінің құрметіне аталған. Бір қызығы, «Заң және тәртіп: арнайы құрбандар бөлімі» сериалында Оливия Бенсонның рөлін сомдаған Мариска Харгитай мысығына Карма деген ат қойған. Бұл туралы ол Instagram желісінде Тейлор Свифттің аттас әнінен үзінді келтіре отырып: «Карма дегенім – мысық», – деп мәлімдеді.

«You can’t spell cats without T.S (ағылш. ауд. – «Cats деген сөз T мен S әріптерінсіз жазылмайды»)», – дейді Тейлор қалжыңдап. Әншіні «Мысықтар» мюзикліне қатысуға шабыттандырған – осы Мередит, Оливия және Бенджамин. Мысықтар да жұлдыз: бейнебаяндарға түседі, жарнамалық жобаларға қатысады, журнал мұқабаларында бой көрсетеді. Оливия Бенсон тіпті жеке капиталы бар мысық, байлығы $97 миллионға бағаланады. Екінші орында – Бенджамин Баттон. Тейлор «Жыл адамы» атанған кезде иесімен бірге Time журналының мұқабасына шықты. Ал Мередит Грей бұйығы, мінезі тік. Свифт оны аса көп мазаламауға тырысады.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @taylorswift
Tatler Asia
Tatler Asia

Майки Мэдисонның тәттілері: Джем мен Бисквит

Актриса Майки Мэдисон үшін ең тәтті комбинация – тосап пен печенье. Сондықтан да ол чихуахуа тұқымды күшікті үйіне әкелгенде, оған Jam («Джем») деп ат қойған. Өйткені үйде оны Biscuit («Бисквит») атты мысығы күтіп тұрған еді.

Бисквит өзін көпшілікке көрсеткісі келмейді, ал Джем – нағыз халықтың көзайымы. Ол иесімен бірге фотосессияларға, сұхбаттарға қатысады, Лос-Анджелес көшелерінде сенімді серуендейді. «Джем – менің өмірімнің махаббаты әрі шексіз тәртіпсіздік ошағы», – дейді актриса. Сонымен қатар ол – Майкидің образын толықтырып тұратын сәнді аксессуар. Олардың дуэтін тамашалау тура бір эстетикалық ләззат сыйлайды.

Tatler Asia
IMAGE Getty Images
Tatler Asia
NEW YORK, NEW YORK - MARCH 28: Mikey Madison is seen in the Upper West Side on March 28, 2025 in New York City. (Photo by TheStewartofNY/GC Images)
IMAGE Getty Images
NEW YORK, NEW YORK - MARCH 28: Mikey Madison is seen in the Upper West Side on March 28, 2025 in New York City. (Photo by TheStewartofNY/GC Images)

Сидни Суини, Танк Баблс және Қонжық Салли

Сидни Суини мен Танк бірге өскен. Актрисаның әжесі үйсіз жануарлар орталығында ерікті болып істеген. Бір күні Сидни сол жерден ауыр халдегі кішкентай күшікті көріп, оны бауырына басады. Ол оған «әлсіз болмасын, мықты қорған болсын» деп ырымдап, Танк деп ат қояды.

Танк Сиднимен бірге мектепке де, түсірілім алаңдарына да барды. «Камера қосылған сәтте ол тапжылмай қалады, дыбыс та шығармайды. Бұл – ғажайып қабілет», – дейді актриса.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @sydney_sweeney
Tatler Asia

Танк – қарапайым ғана ит. Ол аулада еркін жүргенді ұнатады, адамша жастыққа басын қойып, көрпенің астында ұйықтағанды жақсы көреді. Ал тиіндерді қуалауға келгенде, алдына жан салмайды. Бұл тұрғыда Сиднидің екінші сүйіктісі – Қонжық Саллиді мүлде басқаша жаратылыс дерсіз.

Неміс овчаркасы Салли жарық дүние есігін аша салысымен Голливуд жұлдызына айналды: сән кештеріне қатысады, журнал беттерінен түспейді. Ірі болғанына қарамастан, Сидни оны қолынан тастамайды, кәдімгідей көтеріп жүреді.

Hilton Pets және Пэрис Хилтон

Жануарымен бірге салтанатты кештерге шығу үрдісін алғаш танымал еткендердің бірі – Пэрис Хилтон. 2000-шы жылдары ол қайда барса да, қолында Tinkerbell есімді чихуахуасы бірге алып жүретін. Қазір Пэристің қолы балаға толғанмен, жануарларға деген махаббаты сол қалпында. Ол тек өз итіне күтім жасап қоймай, панасыз қалған жануарларды уақытша асырап алып, арнайы орталықтарға көмектесіп жүр. Бұл туралы ол Instagram-да жиі бөлісіп отырады.

Пэристің иттері – еркелік пен қамқорлыққа тойып өскен жануарлар. Олар үшін өз үйінің шағын көшірмесін салдырған: балконы, люстрасы, тіпті салқындату жүйесі бар сәнді мини-вилланың төртаяқты қожайындары бар.

Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia

4oe және Меган Thee Stallion

Илон Масктың ерекше есім қоюдағы «бірегейлігіне» бәсекелес табылды дей беріңіз. Ол – өз француз бульдогына 4oe деген ат қойған Megan Thee Stallion. төбелескіш тұқымдарға деген махаббатын түсіндіре отырып: «Мен өмір бойы иттермен бірге өстім. Үйде алты питбуль бар еді», – дейді Меган. Мұндай иттер оның рэперлік имиджін тамаша толықтыратын сияқты.

4oe – Instagram жұлдызы ғана емес, сонымен қатар жарнама нарығының белді ойыншысы. Оның портфолиосында BAPE, Coach және Amazon Prime сияқты брендтермен бірлескен жобалар бар. Ал 2024 жылы 4oe әке атанып, жұрттың есінде қалды. Қазір ол нағыз жауапты ата-ана: ұйқыны азайтып, беймаза күйге енген, бірақ балаларын қуанту үшін бәріне дайын.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @frenchie4oe
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia

Pilaf the Little Mouse және Деми Мур

Үнемі тілі шығып тұратын микроскопиялық чихуахуа соңғы жылдары нағыз медиа жұлдызына айналды. Ол «The Substance» фильміне арналған промо-кампанияға өз иесі – актриса Деми Мурмен бірге қатысты. Pilaf алғаш рет Деми Мурға пандемия кезінде Таиландтан әкелінген. Бұл оның алғашқы сапары болатын, кейінгісі Еуропаны аралауға ұласты.

«Ол өмірде жеңіл әрі талғампаз қалыпта қозғалады», – дейді актриса. Расымен де есімі аса көркем естілмесе де (Pilaf the Little Mouse – «Палау атты кішкентай тышқан»), оның өмір салты мен талғамы – нағыз сәнқойлық. Pilaf сән көрсетілімдерін, Бродвей мюзиклдерін және музейлерді ұнатады.

Tatler Asia
SANTA MONICA, CALIFORNIA - FEBRUARY 22: Demi Moore attends the 2025 Film Independent Spirit Awards on February 22, 2025 in Santa Monica, California.  (Photo by JB Lacroix/FilmMagic)
IMAGE Getty Images
Tatler Asia
IMAGE Instagram @demimoore
SANTA MONICA, CALIFORNIA - FEBRUARY 22: Demi Moore attends the 2025 Film Independent Spirit Awards on February 22, 2025 in Santa Monica, California.  (Photo by JB Lacroix/FilmMagic)

Темы