Швейцариялық бренд болашақтың озық технологиясына негізделген жаңа SPF өнімін таныстырды
Биыл Каннның жарқыраған күнінің шуағында L.RAPHAEL өзінің ең соңғы жаңалығын, UV PEARL™ технологиясына негізделген SPF-30 күннен қорғайтын кремін таныстырды. Бұл – терінің сұлулығы мен жастығын сақтауға бағытталған жаһандық миссияны жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам.
SUN DEFENSE SPF-30 өнімі тері жасушаларының денсаулығын нығайту және қартаюмен күрес саласындағы озық ғылыми жетістіктер негізінде әзірленген. Бұл технологияның басты ерекшелігі — микрокапсулация жүйесі: ультракүлгін сәулелерден қорғайтын органикалық сүзгілер мөлдір кремний түйіршіктерінің ішіне қапталған. Олар терінің бетінде қалып, эпидермиске өтпей, зиянды сәулелерді бейтараптандырады. Осылайша, бұл өнім тиімділігі жоғары, қауіпсіз әрі ұзаққа созылатын қорғанысты қамтамасыз етеді.
«Бұл жай ғана күннен қорғау емес, бұл – терінің сұлулығы мен жастық қалпын сақтауға бағытталған біздің ортақ философиямыздың ажырамас бөлігі, – дейді L.RAPHAEL негізін қалаушы Ронит Рафаэль Лейтерсдорф, – біздің жаңа SPF 30 – инновация мен ұмтылыстың тамаша үйлесімі. Кинематографиялық сұлулықтың және күншуақты Ривьераның символы саналатын Канн фестивалі оның тұсаукесері үшін таптырмас орын болды».

