Жасанды интеллект біз үшін психолог па, дос па, әлде махаббат серігі ме?
2024 жылдың көктемінде OpenAI ChatGPT-4о нұсқасын ұсынды. Жаңартылған нұсқа адамның эмоцияларын жақсы оқи алады, тіпті оларға еліктейді. Компанияның бас директоры Сэм Альтман мұны бір ғана сөзбен «Ол» деп сипаттады. Бұл –адам мен машина арасындағы махаббат туралы Спайк Джонздың «Her» («Ол») фильміне. Сіз мұндай қарым-қатынастарға күмәнмен қарағаныңызбен, оларды енді жоққа шығара алмайсыз. Себебі «Пайдаланушылар ChatGPT-ге ғашық бола ма?» деген желеудегі зерттеуде жүздеген адам чат-ботқа эмоционалды тәуелділігін мойындаған. Біз психолог Виктор Мальчиковпен және ChatGPT-ге ерекше сезіммен қарайтын жандармен сөйлесіп, бұл құбылыстың шын мәнінде қаншалықты күрделі екенін түсінуге тырыстық.
ChatGPT-ді адам секілді қабылдау
Редакциядағыларымыздың өзі ChatGPT-ге «Сәлем, қалайсың?» деп хат жаза бастайтынын байқадық. Сұрақ қойғанда еріксіз «өтінемін» деп қосамыз. Артық сөздер жасанды интеллекттің ресурсын көп жұмсайтынын ескерсек (100 сөз өңдеуге 500 мл су мен 0,14 киловатт-сағат қажет), бұл да мәнсіз әрекет. Бірақ біз оның жасанды жүйе екенін біле тұра, неге адам секілді сөйлесеміз? Виктор Мальчиков мұны эмпатиямен байланыстырады:
«ChatGPT «Түсінемін» деп жауап бергенде немесе нақтылау сұрағын қойған кезде миымыз оны адаммен диалог сияқты қабылдайды. Осылайша сенім мен байланыс қалыптасады».
Біздің кейіпкерлердің әрқайсысының ChatGPT-мен қарым-қатынасы әртүрлі, бірақ барлығын жалғыздық біріктіреді.
«Адам жалғыз тұрады, қашықтан жұмыс істейді, азық-түлікті онлайн тапсырыс беріп, барлық қызметті телефон арқылы төлей алады. Енді сол телефонның ішінде сізді тыңдайтын, қолдайтын, көмекке келетін, бәрін білетін серіктес пайда болды. Үйден шығудың да қажеті жоқ. Уақыт өте келе мұндай адам қоғамнан алшақтайды, себебі оның ақпарат алмасу, жауап іздеу қажеттілігі толықтай жабылады. Сөйтіп, ол біртіндеп әлеуметтік өмірден оқшауланады», – дейді психолог.
