IMAGE Getty Images

Сәрсенбі, яғни 7 мамырдан бастап әлем назары Ватикандағы Сикстин капелласының үстіндегі шағын мұржаға ауады. Киелі мекен Рим-католик шіркеуінің жаңа басшысын сайлайтын конклавты қабылдайды.

Конклав сөзі латынның cum clave — «құлыпталған, құлып астында» деген тіркесінен шыққан. Бұл — жаңа Рим Папасын таңдау үшін жиналатын кардиналдар кеңесі, олар шешім қабылданғанға дейін жабық бөлмеде болады. Бұл дәстүр орта ғасырларда пайда болған. Сол кездерден бері сыртқы әлемнің ықпалы мен қысымынан қорғау мақсатында кардиналдарды бөлмеге кіргізіп, сыртынан құлыптайтын.

Кардиналдар күн сайын таңертең және кешке дауыс беріп, бюллетеньдерге үміткердің есімін жазады. Жеңіске жету үшін үміткер кардиналдардың үштен екісі мен тағы бір дауысты иеленуі керек. Егер бұл талап орындалмаса, Сикстин капелласының пешіндегі түтін мұржасынан қара түтін шығады. Себебі күкірт, антрацен және кальций перхлораты қосылған бюллетеньді отқа қойған кезде қара түске боялады.

Ал Папа сайланған кезде бюллетеньдерге бертолле тұзы, канифоль және лактоза қосылады. Сөйтіп, түтін ақ түсті болады. Соңғы жылдары түсініспеушілік болмау үшін ақ түтінмен қатар қоңырау үні де естілетін болды. Осыдан кейін арнайы қызметкер капелланың есігін ашып, кардиналдар мен олардың көмекшілерін босатады. Оған дейін ол бөлмеден тек ауыр науқас болған жағдайда ғана шығуға рұқсат етіледі.

Tatler Asia
Қара түтін: Папа сайланған жоқ. Сикстин капелласының төбесіндегі мұржадан қара түтін шығып жатыр. Бұл конклавтың екінші күні жаңа Папаны сайлай алмағанын білдіреді. Рим Папасы Бенедикт XVI мұрагерін сайлау үшін жиналған 115 кардинал қатаң құпия жағдайда дауыс беріп, үміткер үшеуден екі плюс бір дауыс жинауға тиіс (Фото: Alessandra Benedetti/Corbis via Getty Images).
IMAGE Getty Images
Қара түтін: Папа сайланған жоқ. Сикстин капелласының төбесіндегі мұржадан қара түтін шығып жатыр. Бұл конклавтың екінші күні жаңа Папаны сайлай алмағанын білдіреді. Рим Папасы Бенедикт XVI мұрагерін сайлау үшін жиналған 115 кардинал қатаң құпия жағдайда дауыс беріп, үміткер үшеуден екі плюс бір дауыс жинауға тиіс (Фото: Alessandra Benedetti/Corbis via Getty Images).

1831 жылдан бері конклав әдетте 2–3 күннен аспайды. Бірақ бұрындары ол бірнеше ай, кейде бір жылдан да ұзаққа созылатын. Орта ғасырларда белгісіздік кезеңі ұзаққа созылып кеткен жағдайда кардиналдарға қысым жасалатын: тамақ рационы азайтылып, конклав үстіндегі шатыр сөгіліп, аптап ыстық, суық немесе жауын-шашыннан қашып құтыла алмайтындай қолайсыз жағдай жасалатын. Әйтсе де кейбірі өз шатырын тігіп алып, сайлауын ары қарай жалғастыра берген. Сонымен қатар сол кезде кез келген өткір затты алып қою дәстүрі болған, себебі пікірталастар тым қызу өтетін.

Бүгінде кардиналдарға Domus Sanctae Marthae атты заманауи резиденция ұсынылған: әрқайсысында жатын бөлме, қонақ бөлме және жуынатын бөлме бар. Бірақ Corriere della Sera газетінің мәліметінше, кардиналдарға берілетін ас мәзірі қарапайым: минестроне сорпасы, қозы етінен спагетти және буға піскен көкөністер.

Tatler Asia
Италия, 1903 жыл, 4 тамыз – Ватикандағы конклав Сикстин капелласында Лео XIII (Leone XIII) понтификтің мұрагерін сайлау үшін кардиналдар жиналған сәт (Фото: Photo12/UIG/Getty Images).
IMAGE Getty Images
Италия, 1903 жыл, 4 тамыз – Ватикандағы конклав Сикстин капелласында Лео XIII (Leone XIII) понтификтің мұрагерін сайлау үшін кардиналдар жиналған сәт (Фото: Photo12/UIG/Getty Images).

135 кардиналдың бәрі бірдей дауыс беруге келмейді. Кейбірі денсаулығына немесе басқа себептерге байланысты қалыс қалуы мүмкін. Папа ретінде әдетте осы кардиналдардың бірі таңдалады. Дегенмен, шіркеу ережесі бойынша, кез келген католик ер адам, тіпті конклавта жоқ қарапайым діндар да Папа бола алады (тарихта мұндай жағдайлар болған), бірақ соңғы бірнеше ғасырда тек конклав мүшелері арасынан ғана сайланып келеді.

Сайланған үміткер бұл қызметтен бас тартуға құқылы. Тарихта үш рет сондай жағдай болған. Егер жеті күн ішінде Папа сайланбаса, ереже бойынша ең көп дауыс жинаған екі үміткер ғана қатысатын жаңа кезең басталады немесе жеңіс үшін жай ғана көпшілік даусы (50% +1) жеткілікті болады.

Сайланған Папа өзіне жаңа есімді өзі таңдайды. Теориялық тұрғыдан алғанда, өз есімін де сақтап қалуына болады, бірақ бұл бұрын-соңды болмаған. Әдетте жаңа есім Папаның болашақ бағыты мен көзқарасын білдіреді. Мысалы, соңғы Папа — иезуит Хорхе Марио Бергольо өзіне Франциск есімін алды. Бұл есім қайырымдылығы, кедейшілігі мен жанашыр жүрегімен танылған Әулие Францискке сілтеме болатын.

Айта кетерлігі, шіркеу тарихында ешбір Папа «Петр» деген есімді таңдамаған. Бұл — есімі осындай алғашқы Папа, яғни Әулие Петрдің есімі. Апокрифтік наным-сенім бойынша, екінші Петр есімді Папа адамзат тарихындағы соңғы Папа болады.

 

Tatler Asia
Ватикан, 2025 жылдың 1 мамыры – кардиналдардың қолы. Фото Ватиканда өткен алтыншы Novendiale мессасы кезінде түсірілген. Novendiale — Папа қайтыс болғаннан кейін тоғыз күн бойы өткізілетін месса жиыны (Фото: Massimo Valicchia/NurPhoto via Getty Images).
IMAGE Getty Images
Ватикан, 2025 жылдың 1 мамыры – кардиналдардың қолы. Фото Ватиканда өткен алтыншы Novendiale мессасы кезінде түсірілген. Novendiale — Папа қайтыс болғаннан кейін тоғыз күн бойы өткізілетін месса жиыны (Фото: Massimo Valicchia/NurPhoto via Getty Images).

Бүгінгі таңда бұл сұраққа нақты жауап жоқ. Бірақ Polymarket платформасындағы бәс тігу нәтижелеріне сүйенсек, басты фаворит — Ватикан Мемлекеттік хатшысы Пьетро Паролин. Одан кейінгі орында филиппиндік Луис Антонио Тагле мен ганалық Питер Тарксон.

Дегенмен жаңа Папаның жасы 60-тан төмен болмайтыны анық. Жас Папалар тек сериалдарда ғана болмаса (Джуд Лоу ойнаған The Young Pope), шынайы өмірде шіркеу мұндай экспериментке бармайды. Соңғы 300 жылда Папа тағына отырған кездегі орташа жас – 67 жас. Бұл папалық билікті табиғи шектеудің бір жолы деп есептеледі.

Темы