IMAGE Қанат Бейсекеевтің «Алматы? ОК жить со смогом?» деректі фильмінен алынған кадр

Almaty Air Initiative қорының Алматының ауасын тазарту жолындағы жұмысы туралы баяндаймыз

Almaty Air Initiative қоры оңтүстік астананың таза ауасы үшін күресінің алғашқы жылын қорытындылады. Осы уақыт ішінде ауаның ластануы талданып, жанармай сапасы тексерілді, сондай-ақ әлеуметтік зерттеулер жүргізілді. Жоба аясында Қанат Бейсекеевтің «Алматы? ОК жить со смогом?» фильмі жарыққа шығып, бұл мәселенің қоғамда кеңінен талқылануына түрткі болды. Ғылыми талдау жұмыстары 2024 жылы Алматыда толықтай таза күн небәрі 16 болғанын, ал 201 күн тұрғындар денсаулығына қауіп төндіргенін көрсетті.

Қордың атқарушы директоры Жұлдыз Сәулебекова бұл мәселені көтеру – тек ауа сапасына ғана емес, Алматының 2,5 миллион тұрғынының болашағына тікелей қатысты екенін атап өтті: «Қала таза ауамен тыныстауы керек». Келесі жылы қор қол жеткізген нәтижелерді бекітіп, жұмысын одан әрі кеңейтпек. Бұл мақсатқа халықаралық ұйымдар мен сарапшыларды тарту жоспарлануда.