IMAGE Instagram @kalifarniya

РФММ оқушылары Freedom Life платформасындағы онлайн-курсты аяқтап, ерекше концертті тамашалау мүмкіндігіне ие болды

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебіндегі (РФММ) соңғы қоңырау салтанатында Kalifarniya-ның концерті өтті. Бұл ерекше кеш цифрлық гигиена бойынша республикалық байқауда жеңіске жеткен оқушыларға арналған болатын. Жеңімпаз атану үшін оқушылар campdigital.ffin.life платформасындағы тегін онлайн-курстан өткен болатын. Аталмыш жобаны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Freedom Life» ӨСК қолға алған.

Бас жүлде үшін еліміздің түкпір-түкпірінен келген 51 мектептің дарынды оқушылары бақ сынады. Нәтижесінде РФММ үздік шығып, жеңімпаз атанды: осы мектептен 783 оқушы курстан өтіп, оның ішінде 129-ы дипломға ие болды.

Freedom Camp жобасы 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол жасөспірімдерге өз деректерін қалай қорғау керектігін, жалған ақпаратты анықтай білуді және интернет кеңістігінде өздерін сенімді ұстауды үйретеді.

Алда жазғы модульдер, тың креативті форматтар және жаңа тақырыптар күтіп тұр. Freedom Camp оқуды қызықты әрі тартымды етуді, ал алған білімді маңызды әрі қажетті етуді жалғастыра береді.