Қара нәсілді дизайнерлер мен дендизмнің мәдени сәйкестікке қосқан үлесі Met Gala 2025-тің арқасында қалай айқындалғаны туралы әңгімелейміз
Әлеуметтік желідегі әңгіме Met Gala 2025 қызыл кілеміндегі үздік жұлдыздар туралы болғанымен, музейдің өзіндегі іс-шара әлдеқайда маңызды. Метрополитен музейінің Костюм Институты қара нәсілді сәйкестікті ерлер сәні, дендизм және өз болмысын көрсету арқылы зерттеуге бағытталған ауқымды Superfine: Tailoring Black Style көрмесін ашты.
Көрме кураторы – Slaves to Fashion: Black Dandyism and the Styling of Black Diasporic Identity (ағылшын тілінен – «Сән құлдары: қара нәсілді дендизм мен қара нәсілді диаспоралық сәйкестік стилі») атты кітабы көрменің шабыт көзі болған Моника Л. Миллер. Ол Эндрю Болтонмен біріге отырып 250 жылды – ливтер мен XVIII ғасырда құлдыққа түскен жандарды да, Off-White пен Louis Vuitton-ның соңғы коллекцияларын да қамтитын 100-ден астам экспонат жинай алды.

Superfine атауы Олауда Эквианоның жеке өмірбаянынан алынған. 1789 жылы ол сегіз фунтқа «a suit of superfine clothes to dance with at his freedom» (ағылшын тілінен – еркіндікке жеткен күні киіп билейтін жұқа матадан тігілген костюм) алған болатын.
- Көрме 12 секцияға бөлінген: «Меншік», «Болу», «Айырмашылық», «Жасырыну», «Еркіндік», «Чемпион», «Әдеп», «Джук», «Мұра», «Сұлулық», «Күштілік» және «Космополитизм». Әрқайсысы – жеке тарих тарауы. «Әдеп» бөлімінде аболиционист Фредерик Дугластың заттары, яғни таяғы, цилиндрі және уақытты басқару нышаны – қалта сағаты ұсынылған. «Жасырыну» секциясы қашып құтылу үшін киім ауыстырып, оны кейін тірі қалу үшін сатқан құлдардың хикаясын баяндайды.