IMAGE Valentine | X: Valentine Grok Companion

Grok платформасына жаңа ЖИ-кейіпкері – Valentine есімді келбетті аниме-жігіт қосылды

Илон Масктың Grok чат-бот платформасындағы аниме-құрбы Эниден кейін, енді оның виртуалды серігі пайда болды. Бұл қосымша осы аптада тек кеңейтілген мүмкіндіктері бар Grok Heavy чатының қолданушыларына ғана қолжетімді болды.

Valentine атты ЖИ-серігінің образы танымал фильмдердегі мінсіз жігіттерден – «Сумерки» фильміндегі Эдвард Каллен және «Пятьдесят оттенков серого» фильміндегі Кристиан Грейден шабыт алған. Илон Маск ботты Роберт Хайнлайнның «Чужак в чужой стране» романындағы Валентин Майкл Смиттің құрметіне атағанын растады. Дәл осы кітапта «грок» (интуиция арқылы біреумен тез тіл табысу) деген термин алғаш рет қолданылған.

Бұл жаңалық интернетте үлкен дау тудырды. Қоғам қауіпсіздік, жасанды интеллектіні сексуалдандыру және ересектерге арналған контенттің балаларға қолжетімді болуы сияқты мәселелерді көтеріп, алаңдаушылық білдіруде. Себебі боттың әйел нұсқасы Эни де, Valentine да тіпті балаларға арналған режимде де қолжетімді болып шыққан. Енді Маск балалар үшін қауіпсіз функциялары бар қосымшаның келесі нұсқасы – Baby Grok-ты іске қосуды жоспарлап отыр.

Tatler Asia
IMAGE Эни және Валентайн | X: Valentine Grok Companion

Темы