Илон Маск Grok чат-ботына қандай «серіктестерді» қосып жатқаны туралы баяндаймыз
Илон Маск қалыптасқан қағидаларға тағы да қарсы шығып, Grok чат-ботының интерфейсіне сексуалды виртуалды «серіктестерді» енгізіп жатыр. Басқа компаниялар қауіпсіздік мақсатында мұндай функциялардан бас тартып жатқанда, Илон Маск үшінші кейіпкерін жасап үлгерді.
Алдымен Grok-та қолданушыларды қорлау үшін арнайы жасалған Bad Rudi атты қызыл панда пайда болды. Кейінірек оған Ani қосылды: үстінде қара мини-көйлек, торлы шұлық, ал мойнында шілтерлі чокері бар жас ару. Ол сұраныстарға жауапты баяу әрі құмарлықпен оқиды, ал ұзақ сөйлескеннен кейін көйлегін шешіп, шілтерлі іш киіммен қалады. Енді, әдеттегідей, Илон Маск X әлеуметтік желісінде жаңа «серіктестің» іске қосылғанын жариялады. Бұл жолы ол – қара костюм мен қара жейде киген аниме-жігіт. Оның қара шаштары ой мен мұңның сарыны байқалатын жүзіне түсіп тұр. Илон Масктың айтуынша, жаңа боттың тұлғасы «Twilight-тағы» Эдвард Каллен мен «Fifty Shades of Grey-дегі» Кристиан Грейден шабыт алған. Әзірге оның есімі жоқ, бірақ X қолданушылары пікір қалдыру арқылы оған ат таңдауға көмектесе алады. Жасанды интеллектіні осылайша тұлғаландыру кейбір адамдардың чат-ботты қолдану кезінде пайда болатын эмоционалды тәуелділік мәселесін қайта көтеріп отыр. Grok-тың жаңа кейіпкерлеріне қанша адамның ғашық боларын тек болжауға ғана қалады.
Оның тұлғасы «Ымырт» фильміндегі Эдвард Каллен мен «50 реңктегі» Кристиан Грейден шабыттанған https://t.co/w5ZvBzDcKa
— Илон Маск (@elonmusk) 16 шілде, 2025 жыл