Кембридж сөздігінің редакторлары өздері delulu болып қалған ба, қалай өзі?
Академиялық беделі зор Кембридж сөздігі TikTok-тан шыққан үш жаңа сөзді ресми түрде қабылдап, көпшілікті таңғалдырды. Олар: skibidi, tradwife және delulu.
Skibidi – бұл «Skibidi Toilet» атты viral видеодан шыққан дыбыс, мем әрі хамелеон-сөз. Ол жағдайға қарай «керемет», «жаман» дегенді білдіруі мүмкін, кейде еш мағынасы жоқ таза хаос ретінде де қолданылады. Tradwife – интернетте «дәстүрлі отбасы» құндылықтарын идеал етіп көрсетіп, өмірін тек тамақ пісіру, күйеуіне қамқор болу және үйдің ұютын сақтауға арнайтын әйелдерге қатысты айтылады. Ал delulu (ағылшынша delusional – «қиял әлемінде өмір сүретін») – бұл орындалмайтын арманға сенетін адамдарға қатысты айтылатын жылы әзіл. Ол сүйікті жұлдызымен бірге болуды армандайтын жанкүйерден бастап, іске аспайтын жоспар құратын кез келген адамға қатысты қолданыла береді.
Сөздік редакторларының айтуынша, TikTok енді жай ғана көңіл көтеретін алаң емес, тілімізге жаңа сөздер мен мағыналар әкелетін қуатты күшке айналған. Бұл тілдік ағынға тосқауыл қою мүмкін емес, ол ауа сияқты тілімізге сіңіп жатыр.