Ray-Ban Display күнделікті міндеттерге сай келсе, OAKLEY Vanguard – спорт үшін жасалған
Meta компаниясы Ray-Ban Display және OAKLEY Vanguard атты екі жаңа құрылғыны таныстырып, ақылды көзілдіріктердің жаңа дәуірін бастады. Екі гаджет те 12 Мп кең бұрышты камералармен, микрофондармен, ашық құлаққаптармен және Bluetooth пен Wi-Fi арқылы қосылуға арналған модульдермен жабдықталған.
Ray-Ban Display көзілдірігінің оң жақ линзасына орнатылған түрлі-түсті дисплейді дауыстық командалар арқылы немесе саусақ пен білек қимылдарын оқитын арнайы датчиктері бар Neural Band білезігі арқылы іске қосуға болады. Линзалар жарыққа автоматты түрде бейімделіп, ғимарат ішінде де, сыртта да бірдей ыңғайлы болады. Көзілдірік арқылы суретке және видеоға түсіріп, хабарламаларды қарап, видеобайланыс арқылы сөйлесіп, навигацияны пайдалануға болады.


OAKLEY Vanguard – бұл ашық ауада жаттығуға арналған PRIZM линзалары бар ақылды көзілдіріктің спорттық нұсқасы. Көзілдірік 3K айқындылықпенен фото және видеоны автоматты түрде түсіреді, сондай-ақ Garmin және Strava қосымшаларымен бірігіп, көрсеткіштерді нақты уақыт режимінде көрсетіп отырады.


