Плейлистерді енді жасанды интеллектпен чат арқылы жинауға болады
Spotify ChatGPT-мен интеграцияны іске қосып, музыка мен подкастарды нейрожелімен тікелей чат арқылы іздеуге мүмкіндік берді. Ол үшін Spotify аккаунтын OpenAI Apps SDK жаңа платформасы арқылы ChatGPT-ге бір-ақ рет қоссаңыз жеткілікті. Одан кейін диалогта ЖИ-ден көңіл-күйге, жанрға немесе жағдайға қарай тректерді таңдап беруін сұрай аласыз. Ассистент плейлист ұсынса, композицияны басқан кезде топтама сіздің Spotify аккаунтыңызда ашылатын болады.
Тарифке қарамастан, бұл функция барлық қолданушыға қолжетімді болып, аккаунтты қосу ерікті түрде жүзеге асырылады және оны кез келген уақытта өшіруге болады. Компания өз платформасындағы контентті OpenAI-ға модельдерді оқыту үшін бермейтінін атап өтті. Бастапқыда интеграция ағылшын тілінде жұмыс істеп, 145 елді қамтып отыр. Apps SDK арқылы ChatGPT-ге Spotify-дан бөлек Canva, Coursera, Figma және Zillow сияқты басқа да сервистерді қосуға болады. Бұл OpenAI-дың барлық танымал платформаларды бір диалог ішінде қолжетімді ететін біртұтас экожүйе құруға деген ұмтылысын айқындай түседі.