Мәнерлеп сырғанаудың жарқын жұлдызы Tatler-ге сұхбат беріп, «Рамстордағы» мұз айдыны, құпиялары және армандары туралы сыр шертті
Михаил Шайдоров – мәнерлеп сырғанау спортында жұлдызы жанып келе жатқан спортшы. Төрт құрлық чемпионатының алтын, әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Бүгінде Мишаға әлем жұртшылығының назары ауып, отандастырымыз оның жеңістерінен зор үміт күтеді. Бұл сұхбатта талантты жерлесімізбен сырласып, «Рамстордағы» мұз айдынындағы балалық естеліктерінен бастап қазіргі кезге дейінгі ерекше оқиғаларын әңгімемізге арқау еттік. Сұхбатты Қазақстандағы ең ірі тропикалық өсімдіктер жылыжайы – Nicole кеңістігінде түсірілген ерекше фотосессиямен де толықтырдық.
Сондай-ақ Михаил өзінің әлсіз тұстарын ашып айтып, харизма, төзімділік, күш, сәттілік, жылдамдық, икемділік пен интеллектін видео ойындардағыдай бірден онға дейінгі шкала бойынша бағалады. Бұл өлшемдер бойынша қандай баға бергенін сұхбат соңында білесіздер.


