Миландағы беделді көрмеге қазақстандық Dunie Studio дизайн студиясының өкілдері қатысты
Қазақстандық Dunie Studio дизайн студиясының Орталық Азия қолөнерін паш ететін еңбегі Миландағы Alcova 2025 көрмесіне шығарылды. Команданың көрме аясындағы дебютіне SÄR қоры қолқабыс етті. Қор ұлттық мәдени мұраны сақтаумен айналысады.
Küzem Jün / Wool Theories еңбегі қамыстан өрілген кілемше мен оюлы киіз кілемнен тұрады. Küzem Jün – күздің басында қырқылған қой жүні. Жүн – көшпелі мәдениеттің ажырамас бөлшегі. Одан декор элементтерін де, тұрмысқа қажет бұйымдарды да жасауға болады. Өрілген кілемнің өзіндік ерекшелігі бар. Шеберлер қамысты боялған жүнге орап, оны өріп, түрлі-түсті ою салады. Осылайша студия ұмытылып кете жаздап тұрған қолөнер дағдыларын көпшіліктің назарына ұсынды.