IMAGE Кендрик Ламар «Грэмми» сыйлығын алып жатқан сәті | Getty Images

Кендрик Ламардың жаңадан іске қосқан жаһандық креативті агенттігі жайлы баяндаймыз

pgLang компаниясы Project 3 Agency атты жаһандық креативті агенттігін ашып отыр. Кендрик Ламар мен Дэйв Фри бұл компанияның негізін 2020 жылы қалап, оны «түрлі тілде сөйлеп, қалыптасқан шеңберден шығатын қауымдастық» деп атаған еді. Енді pgLang идеялары Американың шекарасынан шығып, әлемге таралмақ.

Креативті агенттіктің Project 3 деген атауы кез келген хикаяттың үш негізгі кезеңін – басталуын, дамуын және аяқталуын білдіреді. Агенттік жобаны жүргізу, стратегия құру, контент жасау, продюсерлік және іс-шараларды жоспарлау сияқты қызметтерді ұсынады. Компанияның Instagram желісіндегі алғашқы жазбасы: «Бұл – мүлде жаңа толқынның жемісі» деген сөзбен жарияланды.