Mecenat.kz әдеби байқауының қорытындысы бойынша Қазақстан туралы үздік романның авторы ақтөбелік Әлихан Нұрбергенұлы Жақсылық атанды
Әлихан Жақсылықтың «Тургенев көшесіндегі үй жұмысқа қабылдайды» («Дом на улице Тургенева принимает на работу». – Tatler) атты романы 21 қолжазбаның ішінен таңдалып алынды. Оның тоғызы қазақ тілінде, он екісі орыс тілінде жазылған болатын. Жеңімпаз mecenat.kz сайтында өткен халықтық дауыс беру арқылы анықталды, дауыс берудің әділдігі толық қамтамасыз етілген. Бұл маусымда барлығы 1738 дауыс жиналды. Жазушыға Қазақстанның өмірді сақтандыру компаниясы Freedom Finance Life тарабынан ай сайын бес жүз АҚШ доллары мөлшерінде өмір бойы төленетін ерікті аннуитеттік сақтандыру полисі табысталды.
Байқауға Freedom Holding Corp. еншілес компаниялары эксклюзивті демеушілік көрсетті. Жобаның меценаты – қазақстандық кәсіпкер әрі филантроп, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов мырза. Mecenat.kz жобасының басты мақсаты – қазақстандық көркем әдебиетті дамыту, халықтың кітап оқуға деген ынтасын арттыру, жазушылардың кәсіби өсуіне қолдау көрсету және олардың шығармаларын халықаралық кітап нарығына таныту.
«Жобаны қолдау біз үшін кездейсоқ шешім емес. Бұл – Freedom Holding Corp. компаниясының мәдениетті, білім беруді және адам әлеуетін дамытуға бағытталған ауқымды, ұзақ мерзімді стратегиясының бір бөлігі. Біз шығармашылыққа салынған инвестиция болашаққа салынған инвестиция деп сенеміз. Себебі мықты қоғам мықты идеядан басталады. Ал әдебиет әрдайым мағына қалыптасатын, құндылықтар туындайтын және бағыт-бағдар айқындалатын кеңістік болып келді және солай болып қала бермек. Біз осы тамаша тарихтың бір бөлігі болғанымызға шын жүректен қуаныштымыз», – деді Тимур Турлов.
