IMAGE Рим Папасы Франциск | Getty Images

89 жасқа қараған шағында Рим Папасы Франциск дүниеден өтті. Оның екі жақты өкпе қабынуына шалдыққаны белгілі болды

Ватиканның ресми хабарлауынша, Католик шіркеуінің басшысы 21 сәуірде 88 жасында көз жұмды. Естеріңізге сала кетейік, понтифик ұзақ уақыт бойы науқастанып, ақпанның 14-де бронхит диагнозымен ауруханаға жатқызылған болатын. Тексеріс нәтижесінде оның екі жақты өкпе қабынуына шалдыққаны анықталды. Алайда жағдайының ауырлығына қарамастан, кеше ғана Франциск Әулие Петр соборының балконына шығып, жиналған жұртты Пасха мерекесімен құттықтап, соңғы рет көпшілік алдында үндеу жасады.
2013 жылы 13 наурызда Рим Папасы болып сайланған Франциск Латын Америкасынан шыққан тұңғыш понтифик еді.