«Бойфрендтікіндей», дрейпинг немесе «күн сүйген»: визажист Захар Гринов ең сәнді тәсілдер туралы әңгімелейді
Бет далабы бірнеше маусым бойы басты акцент болып келеді. Адамның саулығын айқындаумен қатар мінезді, көңіл күйді, тіпті иронияны бейнелейтін толыққанды құрал. Далап пен қылқалам адамның бетін албыратып, оны бір жайсаң жанға қырындағандай не хайкингке барып келгендей, тіпті бір-екі бокал қызғылт шарап ішкендей күйге бөлей алады. Бет далабы тақырыбы TikTok пен бьюти-форумдардың басты тақырыбына айналса, визажистер бетті сергітіп, образды әсерлі ете түсетін тәсілдерді ойлап табумен әлек. Танымал визажист Захар Гринов бетке далап жағудың сәнді бес тәсілі туралы әңгімелейді. Классика да, өзекті тренд те бар.
Ұрттың шығыңқы бөлігіне жағу тәсілі
Ең танымал әрі қарапайым тәсілдердің бірі. Далапты ұрттың жымиғанда байқалатын шығыңқы бөлігіне жағу керек. Адамның беті сергіп, жасара түседі.
Жағу тәсілі:
Жымиыңыз да, далапты ұртыңыздың шығыңқы бөлігіне қағып-қағып жағыңыз. Шеттерін біркелкі етіп жұмсартыңыз.
Бұған қандай қылқалам қажет:
Далапты біркелкі әрі ықшам қылып жағу үшін орта өлшемді дөңгеленген үлпілдек қылқалам қажет.


Sunkissed blush («күн сүйген»)
Бұл тәсіл күнге күю эффектісін береді, яғни жағажайда серуендеп келгендей боласыз. Адамның беті тыныққандай болады, ал терісі жарқырап тұрады.
Жағу тәсілі:
Ұрттың шығыңқы бөлігінен бастаңыз да, қылқаламды мұрныңызға қарай әкеліңіз. Өнімнің қалдықтарын кеңсірікке жаққан жөн. Бетіңіз табиғи түрде қызарғандай болады.
Қандай қылқалам қажет:
Далапты дәл жағып, оны біркелкі етіп жұмсарту үшін майшам пішіндес үлпілдек қылқалам қажет.