IMAGE GODMODE

Макияждың GODMODE ұсынған жаңа деңгейі

GODMODE – Хлоя Грейс Морец пен жапондық поп-жұлдыз Рина Саваяманың жаңа бьюти бренді. Бәрін қажытқан «жұлдызды» косметика брендтеріне қарағанда, GODMODE өзгеше болып көрінеді. Себебі бұл – гейминг және технология әлемінен шабыт ала отырып құрылған бренд.

«Біз гейминг, ойын-сауық, сән және бьюти әлемдерін біріктіріп, альтернативті сұлулық ғаламын ашамыз. Гибридті өнімдеріміз – өз дегенімен жүретін жандарға арналған жылтыр тұмарлар мен аксессуарлар», – дейді брендтің негізін қалаушылар.

Хлоя мен Ринаның өздерімен қатар науқан кейіпкері рөлін олардың цифрлық аватарлары – Хрома мен Рани де сомдады. Сондай-ақ GODMODE The Vast атты метағалам құрды. Онда макияж геймплейдің бөлшегіне әрі бірегейлікті айқындау құралына айналады.

 

Genesis атты алғашқы коллекция жарық көрді. Оған көз бояулары, қарындаштар, ерінге арналған далаптар және әмбебап хайлайтер кірді. Хайлайтердің текстурасы теріге жұқа голограммадай қонады: қызғылт және жасыл түстердің үйлесімі кез келген тері реңкіне жарай береді.

Tatler Asia
IMAGE Genesis Glow in Coded | GODMODE
Tatler Asia
Tatler Asia
IMAGE Mirage Lip Gloss in Past Life | GODMODE
Tatler Asia

Темы