Мектеп бітіру кешінде тәж кигізуге тұрарлық макияж
Әрбір мектеп оқушысы мектеп бітіру кешінің патшайымы болғысы келеді. Жай ғана билеп қайту үшін барамын дегеннің бәрі – өтірік. Көйлек бар, туфли бар, образды мінсіздік шыңына жеткізетін макияж ғана қалды.
Батыл смоки, көкке ұмтылған сызықтар және Jeniffer’s Body фильміндегі түлектің стиліндегі жылтыр ерін бе? Әлде ылғалдандырылған тері, жарқыраған қабақ және Never Been Kissed фильміне кіріп кетіп, баяу биге шыққандай албыраған бет пе?
Визажист Захар Гринов Tatler-ге арнап мектеп бітіру кештері маусымының өзекті мейктерін жинақтады. Әйтеуір біреуі қиял-ғажайып тәжге әкелер. Жоқ дегенде лимузиннен бастап басқан қадамың әсерлі болады.